Қазақстанда кредит бойынша базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

11:19, 16 ақпан 2017

Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев пайыздық мөлшерлеме түсуі мүмкін екенін айтты.

«2016 жылы базалық мөлшерлеме 17%-дан 12%-ға түсті. 2017 жылы да пайыздық мөлшерлеменің түсу ықтималдылығы жоғары. Ұлттық банк жұмысы басты назарды қаржы нарығындағы шамаға сәйкес пайыздық ставканы қалыптастыруға қойып отыр», — деді Данияр Ақышев.

Одан бөлек, орталық банк негізгі қызметі ретінде бағаның тұрақтылығын сақтауды алып отыр.

«Өткен жылы инфляцияя 7,9 пайызды құрағандықтан, 2017 жылы инфляция көрсеткіші 6−8% аралығындағы дәлізге енді. Біздің болжауымызша, 2017 жылы инфляция деңгейі қандай да бір күрт өзгеріс болмаса, үкімет пен Ұлттық банк бекіткен дәліз деңгейінде сақталады.  Қысқа мерзімді аралықта инфляцияны 3−4 пайызға дейін түсіруді жоспарлап та отырмыз», — деді Ақышев.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!