Қазақстанда ЕАЭО-тағы ең жоғарғы инфляцияның бірі тіркелді

16:30, 18 шілде 2019

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғарғы жылдық инфляцияның бірі тіркелді. Маусым айында жылдық инфляция 5,4%-ды құрады. ЕАЭО елдері арасында бұл көрсеткіш Беларусьте ғана көп — 5,7%. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.

Ресейде жылдық инфляция 4,7%-ды, Арменияда – 2,5%-ды, Қырғызстанда — 0,9%-ды құрады. Жалпы, Одақтағы деңгей маусым айында 4,6% деңгейінде қалыптасты.

ЕЭК мәліметтері бойынша, Қазақстан азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бойынша көшбасшы болды — жылына 8,2%. Ал Беларусьте 6,1%, Ресейде – 5,5%, Арменияда – 4,6%, Қырғызстанда – 1,7% өсім тіркелген.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда 2019 жылдың маусым айында азық-түлік емес тауарларға баға 6,1%-ға өсті. Беларусьте аталған тауарлар бір жылда 4,2%-ға, Ресейде – 3,5%-ға, Арменияда — 1,9%-ға қымбаттады. Қырғызстанда азық-түлік емес тауарлар, керісінше, бір жыл ішінде 0,1%-ға арзандады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!