Қазақстанда 5 ай ішінде 11 869 жаңа автокөлік шығарылды

13:53, 18 маусым 2018

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 71,5 млрд теңгені құрайтын 11 869 жаңа автокөлік (жеңіл, жүк, автобус, арнайы көліктерді қоса алғанда) шығарылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.

«Жеңіл көліктер өндірісі 77,5 пайызға артып, 11 118-ге жетті. Есепті кезеңде автобус техникасын (135) шығару бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,6 пайызға кем түсті. Ал, жүк көліктерін (365) жасау деңгейі 3,2 пайызға төмендесе, мамандандырылған автотехниканы шығаруда өсім байқалды. 5 айдың қорытындысы бойынша, отандық автозауыттар 10 202 көлікті саудалап, осы көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 91,8 пайызға жоғары болды», – делінген хабарламада.

2017 жылы мамыр айында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 1 913 көлік құрастырылса, 2018 жылдың мамыр айында 2 572 автокөлік құралдары шықты.

Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (4 537 көлік), Hyundai (2 454), KIA (1 007), JAC (536) және Ravon (508) енген. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Chevrolet (369), Skoda (146), Peugeot (99), SsangYong (7 ) бар.

Есепті кезеңде 2 063 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасының қатысушылары сатып алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!