Қазақстан жалақының өсуі бойынша ЕАЭО елдерін басып озды

16:00, 21 қараша 2019

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстан номиналды және нақты еңбекақының өсуі бойынша көшбасшы болды.

Елдегі орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінің қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсті. Статистикаға сәйкес, бұл өсім Одақ елдері арасында ең жоғары көрсеткіш.

Беларусьте орташа номиналды жалақы 14,1%-ды, Ресейде – 7,2%-ды, Арменияда — 5,9%-ды, Қырғызстанда — 4,2%-ды құрады.

Қазақстанда долларға ауыстырғанда жалақы 477 долларды құрады. Ресейде — 708 доллар, Беларусьте — 510 доллар, Арменияда – 371 доллар, Қырғызстанда – 235 доллар.

Нақты жалақыға келетін болсақ, Қазақстан осы сегментте де 8,9%-дан жоғары өсім көрсетті. Ал Беларусьте бұл көрсеткіш есепті кезеңде 7,8%-ға, Арменияда – 4,2%-ға, Қырғызстанда — 3,6%-ға және Ресейде — 2,3%-ға өсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!