Қазақстан наурыздың соңында бензин экспортын бастауы мүмкін

14:19, 14 ақпан 2019

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан биылғы жылдың наурыздың соңында бензин экспортын  бастауы мүмкін, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев, – деп хабарлайды  Интерфакс-Қазақстан.

«Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының соңында бензин экспортын бастауды жоспарлап отырмыз, содан кейін бір жылға қойған көлемді өңдеуді бастаймыз», – деді Қ.Бозымбаев бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында. 

«Биылғы жылы бізде 500 тоннадан 650 тоннаға дейін бензин артылады. Бұл артылу қазірдің өзінде байқалып отыр. Осыған байланысты  қаңтар және ақпан айларында МӨЗ-дердегі өңдеу көлемін біршама төмендеттік», –  деді министр. 

Бұған дейін хабарланғандай, былтырғы жылы энергетика министрі елдегі үш МӨЗ -ді жаңғырту аяқталғаннан кейін нарықта тауарбастылық болмас үшін бензин экспортын бастау ойы бар екенін айтқан болатын.

Қазанда Қазақстан мен Ресей отын-энергетика кешенінде өзараәрекет ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Өзгерту қазақстан бензинін ТМД елдеріне жеткізуге тыйым салуды алып тастауға қатысты болды

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!