Қазақстан $5 млн-ға америкалық қан сатып алды

17:54, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Америка Құрама Штаттарынан тауар импорттау мөлшерін 60%-ға арттырды, деп хабарлайды LS.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында АҚШ-тан Қазақстанға жасалған импорт көлемі $584 млн-ға жетті, бұл 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 60%-ға жоғары. Сонымен қатар Қазақстаннан АҚШ-қа жасалған экспорт есептік мерзім ішінде $74 млн құраған.

Қазақстан Америкадан $200 млн-ға құнды қағаздар мен банкноттар сатып алған. Сондай-ақ елімізге АҚШ-тан іштен жану қозғалтқыштары, ұшу аппараттары, автокөліктер, медициналық және өнеркәсіптік жабдықтар әкелінген. Оған қоса, АҚШ-тан жеткізілген тауарлар тізімін дәрі-дәрмек, құс еті және адам қаны толықтырып отыр. 2018 жылдың І тоқсанында адам қанын сатып алу көлемі $5 млн деңгейіне жетті.

Өз кезегінде Қазақстан АҚШ-қа радиоактивті элементтер, ферроқорытпалар, іштен жану қозғалтқыштарын және металл жөнеліткен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!