Қазақстан күрішінің Өзбекстанға экспорты 34 есеге өсті

17:24, 16 қазан 2019

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан 53,9 мың тонна күріш экспорттады. Бұл өнімді жеткізуден түскен түсім 15,5 млн долларды құрады.

Астықтың ең көп мөлшері Өзбекстанға жөнелтілді. Көрші ел 22,9 мың тонна (6,9 млн доллар) күріш сатып алды. 2018 жылдың сегіз айымен салыстырғанда жеткізілім 33,7 есеге өсті.

Тәжікстан 4,7 млн долларға 17,8 мың тонна, Ресей – 1,8 млн долларға 7,7 мың тонна, Украина — 716,2 мың долларға 2,8 мың тонна, ал Түркменстан — 941,1 мың долларға 1,4 мың тонна күріш сатып алды.

Сондай-ақ, Қазақстандық өндірушілер Қырғызстанға 163,4 мың долларға 680 тонна күріш, Ауғанстанға 76,8 мың долларға 272 тонна, Моңғолияға 81,6 мың долларға 143,1 тонна, ал Әзірбайжанға 26,8 мың долларға 67 тонна күріш жіберді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!