Қазақстан инвестиция тартудан Орталық Азияда үздік деп танылды

09:41, 18 шілде 2019

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллердің кездесуінде банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.  

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!