Қазақстан елшіліктерінде фронт-кеңселер құрылады

17:49, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – ҚР Сыртқы істер министрлігінде, әкімдіктерде және шет елдердегі мекемелерде инвестициялық жобаларды басқару бойынша фронт-кеңселер құрылатын болады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жауапты және мүдделі тараптармен бірлесіп фронт-кеңселердің қызметін келісу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл кеңселер консультациялық қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларды басқару және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмыстарды көздейді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы фронт-кеңселердің ақпараттық платформасы ретінде қолданылатын жобаларды және инвесторларды онлайн режимде басқару үшін СRM (Client relationship management) жүйесі іске қосылды.

Айта кетейік, бұл жүйе бірыңғай электронды мәліметтер базасында онлайн режимде жобалар, инвесторлар және өтініштер туралы өзекті ақпараттың қалыптасуын, сонымен бірге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бойынша мониторингін қарастырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!