Қазақстан 41 елмен автокөлікпен тасымал жасау бланкілерімен алмасты

11:16, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 42 елмен халықаралық автокөлікпен тасымал жасау үшін 150 мың рұқсат бланкілерімен алмасты. Олардың 122 мыңы – жан-жақты рұқсаттамалар, қалған 28 мыңы – үшінші елдерге/ден жүк тасымалдау рұқсаттамалары. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады.

Қазақстандық тасымалдаушыларға 109 мың шетелдік рұқсат бланкісі берілген (2016 жылы 97 мың), олардың 93 пайызы пайдаланылды.

2018 жылы ақпан айының 19-на дейін комитет 41 мемлекетпен 126 мың бланкі алмасысты. Оның 103 мыңы жан-жақты және 23 мыңы үшінші елдерге/ден жүктерді тасымалдау рұқсаттамасы. Олар аумақтық көлікті бақылау инспекцияларына таратылған.  Бланкілерді алу үшін тасымалдаушы egov.kz электрондық үкіметі арқылы тапсырыс беруі қажет.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен басқа елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемі 8,8 млн тоннаны құрады. Автокөлікпен жүк тасымалдау транзитінің жалпы көлемі 2,1 млн тоннаға жетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!