Қазақстан әлемнің ТОП-50 экономикалық еркін елдерінің қатарына қосылды

12:34, 17 ақпан 2017

Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Нәтижесінде Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты.

Еліміз 100-ден 69 балл сомасында жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингісі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Бүгінде Қазақстан рейтингте өзінің 42 орнын Ямайка мен Перумен бөлісуде.  

Бір жыл бұрын Қазақстан бар болғаны 69 орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша – 45 орын.

Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олардың ішінде – меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі.

Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен басқа, барлық дерлік рейтингтер бойынша оң баға берді.

Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастыруда. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады.

Бұдан өзге, талдаушылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді.

«Энергетикалық емес секторды кеңейту шараларына қарамастан, ортақ нормативтік база бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында барынша қолайлы болуы керек», – деп тұжырымдады Heritage Foundation-де.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!