Қазақстан екі Молдова азаматына қарсы талап арызды Вашингтон сотына берді

17:38, 19 қазан 2017

Астана. 19 қазан. 7kun.kz — Қазақстан Вашингтон сотына Молдова азаматы мен оның компаниясына қатысты талап арыз берді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы соңғы төрт жыл бойы Молдова азаматы Анатолий Стати мен оның ұлына, сондай-ақ олардың компанияларына қатысты шетелдік сот талқылауларына тартылып келеді. Стати 4 млрд доллардан астам соманы талап етіп сотқа шағым түсірген.

Дауды Стокгольм қ., Швецияда қарастырған төрелік трибунал 2013 жылғы 19 желтоқсанда Статидің пайдасына шамамен 500 млн доллар тағайындады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!