Қазақстан агроөнім экспортын екі есеге арттырады
Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Билік нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп, 2025 жылға қарай ауылшаруашылық өнімдерінің импорт көлемін екі есе азайтуды жоспарлап отыр, — деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.
«Агроөнеркәсіптік кешендегі міндеттер нарықты жоғары сапалы отандық өніммен толықтыру және 2025 жылға қарай импортты екі есеге төмендету болып табылады. Сондай — ақ, АӨК өнімдерінің экспортын 2,4 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін арттыру шаралары жалғасатын болады», — деді ол 15 шілдеде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мамин бірінші жартыжылдықта ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрағанын атап өтті. Өсімнің негізгі көздері өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,4% -ды құрады.
«Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды. Бірінші жартыжылдықта жұмыссыздық деңгейі 4,8% — ды құрады, 186 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 126 мың тұрақты», — деді премьер.
Мемлекеттік бюджеттің табысы бірінші жартыжылдықта 4 трлн 370 млрд теңгеге орындалды, бұл жоспардан 148 млрд теңгеге жоғары. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 730 млрд теңгені құрады. Бюджет шығындары 6 трлн 342 млрд теңгені немесе жоспардың 99,6%-ын құрады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





