KazakhExport Тәжікстанда өз өкілдігін ашты

14:44, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – «Байтерек» ҰБХ-ның құрылымындағы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Тәжікстанда шетелдік өкілінің кеңсесін ашты, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Кеңсенің тұсаукесерінде тәжік банктерінің қазақстандық экспорттаушыларды қолдауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, KazakhExport Қазақстаннан Тәжікстанға экспорттайтын өндірушілерді сақтандыру және қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы «Ориенбанк» АҚ, «Эсхат Банкі» ЖАҚ, «Амонатбонк» МСБ және «Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ-пен келісімге қол қойылды.

«Екі елдің сауда айналымын арттыру бойынша біздің үкіметтер тарапынан қойылған міндеттерді ескеретін болсақ, Душанбеде KazakhExport кеңсесінің ашылуы – маңызды оқиға және Тәжікстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы оған жәрдемдесіп, қолдау көрсетуге ниетті», – деп атап өтті Тәжікстанның сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Джамшед Джумахонзода. 

Бүгінде Тәжікстан нарығына металл прокаты, автомобильдер мен автобустар, май өнімдері, кондитерлік өнімдер жеткізілуде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!