«Қазақалтын» АҚ туралы

19:21, 23 қыркүйек 2019

«Қазақалтын» ТКМК» АҚ — Қазақстандағы алтын өндіретін және өңдейтін ең көне кәсіпорындардың бірі.

Компания тарихы

1932 жылы Қазақстанның солтүстік бөлігінде құрамында алтын бар кендер ашылып, алтын өндіретін «Каззолото» мемлекеттік Солтүстік Қазақстан тресі ұйымдастырылды. Оның құрамында алтын өндіретін «Степняк» дала комбинаты құрылды, кейіннен «Каззолото» КБК болып қайта құрылды. 80 жыл ішінде бұл компания Қазақстанның 8 облысында орналасқан 20-дан астам кен орындарында 350 тоннаға жуық алтын өндірді.

2004 жылғы 4 маусымда оның базасында «Қазақалтын ТКМК» АҚ құрылды. Компания өз қызметін алтын өндіру өндірісін оңалтудың егжей-тегжейлі бағдарламасынан бастады.

1999 жылы «Ақсу», «Бестөбе» және «Жолымбет» кен орындары мен байыту фабрикаларының ұзақ тұрып қалған қуаттары іске қосуға дайындалды: тау-кен жұмыстары қайта басталды, өндіру көлемі өсті. Өндірісті жаңғыртудың ірі ауқымды бағдарламаларының кезеңі келді және 2004-2005 жылдары компания төрт жаңа инновациялық жобаны: «Ақсу» және «Жолымбет» алтын алу жөніндегі екі фабриканы және «Бестөбе» және «Ақсу» кеніштерінде үймелеп шаймалау жөніндегі екі кешенді әзірлеп, енгізу жөніндегі жұмысты бастады.

2005 жылы Лондон қор биржасында акцияларды орналастыру компания үшін үлкен жетістік болды.

2009 жылдың тамыз айында ресейлік компаниялардың Қазақстанда активтерді сатып алуы бойынша ТОП-6 құрамына кірген мәміле жасалды. Ресей Федерациясының ең ірі алтын өндіруші компаниясы – «Полюс Золото» ААҚ Қазақголд тобы акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

Концерннің негізгі мақсаты — Орталық Азияның табиғи ресурстарын өндіру және өңдеу жөніндегі тұрақты жетекші компания болу.

Компанияның ұстанымы — абсолютті қаржылық ашықтық, қазақстандық спортты, білім мен мәдениетті тұрақты қолдау.

«Қазақалтын ТКМК» АҚ құрамына 3 филиал кіреді:

  • «Ақсу кеніші» филиалы;
  • «Бестөбе кеніші» филиалы;
  • «Жолымбет кеніші» филиалы.

Қазіргі уақытта барлық үш кен орны да алтын шығару фабрикасында кенді ашық және жер асты тәсілімен өңдеу арқылы жұмыс істейді. Ақсу мен Бестөбеде де үймелеп шаймалау қондырғылары бар. Барлық үш кеніште сынамалық-аналитикалық зертханалар жұмыс істейді, онда кендегі алтын мен басқа да ілеспе металдардың құрамына талдау жүргізіледі.

Ақсу кеніші

Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстікке қарай 200 км және Степногорск қаласынан 20 км жерде орналасқан.

Кеніш 1930 жылдардан бастап жұмыс істейді. Ал зауыт 2017 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

Бестөбе кеніші

Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 200 км және Степногорск қаласынан шығысқа қарай 100 км жерде орналасқан. Қанағаттанарлық көліктік және энергетикалық инфрақұрылым. Кеніш 1930 жылдан бастап жұмыс істейді.

Фабриканы 2018 жылдың ақпан айында пайдалануға берді.

Жолымбет кеніші

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстікке қарай 100 км және Степногорск қаласынан оңтүстікке қарай 100 км.

Кеніш 1930 жылдары жұмысын бастады. Зауыттың іске қосылуы — 2018 жылғы ақпан.

Маханов Баламир Болатұлы — Бас директор;

Түлкібай Ербол Ерқанатұлы — «Қазақалтын ТКМК» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директор;

Водопшин Роман Васильевич — Атқарушы директор;

Дмитрий Иванович Рыбаков — «Ақсу кеніші» филиалының директоры;

Сәдуақасов Қазыбек Болатұлы — «Бестөбе кенішінің» директоры.

2018 жылдың қазан айынан бастап акциялардың 75%-ы Эдуард Огайға тиесілі, ал 25%-ы – Financial Services B.V., оның иелері – Владимир Ким және ресейлік бизнесмен Алексей Аношкин.

Дереккөздер: kazakhaltyn.kz, forbes.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!