Kaspi.kz IPO уақытын кейінге шегерді

10:43, 7 қазан 2019

Алматы. 7 қазан. 7kun.kz  — Kaspi.kz халықаралық қорлар нарығындағы және жаһандық технологиялық сектордағы жағдайларға байланысты IPO уақытын кейінге шегерді.

«Біз Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көтере алғанымызға қуаныштымыз. Біз бірінші санатты инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық байқадық. Осының арқасында бірінші санатты инвесторлар Қазақстанды инновациялық технологиялық компаниялары бар ел ретінде таныды. Сонымен қатар біз халықаралық капитал нарығында жағдай тұрақталғанша Лондон биржасына шығуды уақытша тоқтата  тұруды шештік»,-деді Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

«Біздің жоспарымыз ұзақмерзімді. Біз клиенттерімізді жақсы көреміз және 5 миллионнан астам қазақстандықтың өмірінің бір бөлшегіне айналған еліміздегі ең танымал қосымша Kaspi.kz-ті шабытпен дамытамыз»,-дейді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!