Қаржы министрі кіріс көлемі 9 триллион теңгеден асқанын мәлімдеді

13:05, 24 маусым 2017

Ел бюджетінің былтырғы кірісі 9 триллион теңгеден асты. 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 22 пайызға артық.

Бұл туралы Бақыт Сұлтанов хабарлады. Табыстың басым бөлігі салықтан түскен. «Нәтижесінде  ұлттық қор қаражаты әлдеқайда аз жаратылып 370 миллиард теңге үнемделді», – дейді. Айта кетейік былтыр артық шығындар азайтылып, әлеуметтік секторға,, басымдық берілді. Салаға республикалық бюджеттен 1 бүтін оннан 3 триллион теңге бөлінді.

Жиын барысында министр алдағы жоспарлармен де бөлісті.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

– 2025 жылға дейін салық жиналуын 16,6 пайыздан 25 пайызға дейін көтеру көзделіп отыр. Оны инспекторлық тексерістерді азайтудың арқасында жүзеге асырамыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатысының қолдауымен тексеріс көлемі 37,5 пайызға қысқартылды. 611 инспектор қызметінен босатылады. Мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды да қолға аламыз. Ол үшін сервистік модель мен мемлекеттік жеке меншік әріптестік жүйелері қолданылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!