Қаржы министрі: Елорданың атауын өзгертуге 40 млн теңге қарастырылған

11:54, 26 наурыз 2019

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Елордадағы ескірген маңдайшаларды ауыстыру үшін жергілікті бюджеттен 40 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Астана атауын Нұр-сұлтан деп өзгерту республикалық немесе жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруды талап етпейді.

«Маңдайшаларды ауыстыруға келер болсақ, қосымша қаражат қажет болады, бірақ бұл мемлекеттік органдарды ағымдағы қаржыландыру аясында. Мен кеше қала әкімімен сөйлестім, жалпы ескірген маңдайшалар мен белгілерді ауыстыру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған. Бланк өнімдеріне келер болсақ, біздің мемлекеттік органдар электрондық құжат айналымына көшті, сондықтан бланкілерді басып шығаруға көп шығын қажет емес», – деді Смайылов.

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Астананы қайта атау қоғамда даулы мәселе тудырғанын айтты.

«Соның ішінде белгілі бір теріс пікірлер болды. Егер естеріңізде болса, Ақмоланы Астана деп атағанда да осындай жағдай болған еді. Уақыт өткен соң біз «Астана» брендін жақсы көріп кеттік », – деп түсіндірді Абаев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!