Қаржы институттарын формалды қадағалаудан тәуекелге бағдарланған қадағалауға көшіру

14:42, 21 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Қолданыстағы қадағалау шектеулі және формалды болып табылады. Егер формалды түрде заңнама талаптары бұзылмаса Ұлттық Банктің операцияларды тоқтатуға мүмкіндігі болмайды. Алайда қаржы ұйымы тұрақтылығының нашарлау тәуекелі бар. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді.

Ол бұл алдын алу тәртібінде банктердің жосықсыз операцияларды жүргізуін анықтауғажәне жүйелі проблемалардың орын алуын жоюға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.

«Заң жобасында Ұлттық Банк тарапынан тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізу ұсынылады. Оның шеңберінде уәжді пайымдау институты пайдаланылады. Ол қолданыстағы формалды талаптарға қоса кәсіби бағалауды көздейді», – деді Д. Ақышев.

Ол уәжді пайымдау мынадай салаларда пайдаланылатынын атап өтті: менеджмент пен акционерлерді келісу; құрылған провизиялардың барабарлығын бағалау; банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды анықтау; тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін бағалау.

«Заң жобасында тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолдану және сотқа дейін шағымдану рәсімі жан-жақты реттеледі. Қаржы институттары, бұрынғысынша, Ұлттық Банктің шешімдеріне сот тәртібімен шағымдана алады», – деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!