Қарттар үйіндегі шынайы өмірді суреттейтін қойылым саханаға шығады

10:08, 27 мамыр 2022

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Жезқазған қаласындағы қазақ музыкалық-драма театры ерекше қойылымды сахнаға алып шықпақшы. Адамның жан дүниесін тебірентер өзгеше спектакль «СЕН және МЕН»-нің тұсаукесері 29-30-31 мамыр күндері өтеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қарттар үйіндегі қарапайым тіршілік. Елеусіз ғана өмір сүріп жатқан қариялардың жай-күйі ешкімді алаңдатпайтыны анық. Бұл спектакльде өзгелер үшін тым-тырыс көрінетін өмірдің олай еместігі айқын көрінеді. Әркімнен бір жылулық күткен жандардың жанайқайы естіледі. Біз біле бермейтін беймәлім дүниенің қыры мен сыры ашылады.

ҮМІТ — адамды орнынан қозғайтын күш. Ажалдан алшақтататын дүние. Ажалмен өмірдің арасындағы көпір іспеттес. Үміт-өмірдің тоқтамас құмсағаты…

ЖАЛҒЫЗДЫҚ— трагедияның ең биігі. Адамның өлімге апаратын қыл көпірі. Ішкі жан дүниенің бос айғайы…

ОТБАСЫ — адамның алданышы. Оның сынағы, бақытты шағы, өмір сүруге деген мотивациясы…

ҚАРИЯ мен БАЛА… Өмір мен өлім арасын жалғайтын ала арқан. Өмірдің алмасуы. Екеуінің арасындағы «өмір» дейтін даңғыл жол…

Басты рөлде Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев ойнайды. Ал режиссері: Шағуан Үмбетқалиев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!