Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі ұзарды

16:04, 10 маусым 2022

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. 7kun.kz — Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мен Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды 7kun.kz.

8 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын 1 айға ұзартқанын хабарлады.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі 1 айға сот шешімімен ұзарған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!