Ішкі істер министрлігі отбасылық зорлықшы портретін құрастырды
Астана. 18 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстыққа қатысты 668 қылмыс тіркелген. Көбіне бұл жағдайға ер адамдар себеп болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ондай ер адамдар 30 бен 50 жас аралығында (52%). Тұрақты жұмысы (74%) және кәсіптік не жоғары білімі жоқ (90%). Сәйкесінше, зардап шеккендер негізінен — әйелдер, 78%», – деді ол.
Министрдің айтуынша, көбіне әйелдер зорлықшыға материалдық және психологиялық жағынан тәуелді болады. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Одан балалар да зардап шегеді. ДДСҰ деректері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Олар бұл мінез-құлық үлгісін құрдастарына және басқаларға көрсетеді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





