Илон Маск Twitter атауын өзгертетінін растады
Америкалық миллиардер, Twitter-дің иесі Илон Маск платформаның атын өзгерту туралы жоспары барын растады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
1 мамырда T (w)itter Daily News порталы өзінің Twitter аккаунтында Масктың соңғы мәлімдемесі бар жазбаны жариялады. Онда бизнесмен Twitter-ді функционалдық мүмкіндіктерінің кеңеюіне «сай келмейтін бренд» деп атады. Ол сондай-ақ «Twitter-мен салыстырғанда X платформасы ұзағырақ жазбалар, бейнелер жариялауға, хабарламалар алмасуға және қаржылық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретінін» айтты.
Бірнеше сағаттан кейін портал жазбасының астында Масктың пікірі пайда болды. «Бұл рас», — деп жазды ол. Алайда кәсіпкер егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Бұған дейін белгілі болғандай, осы Twitter әлеуметтік желісінің иесі Twitter компаниясы X Corp-пен біріккеннен кейін жұмысын тоқтатқан. Флорида округтік сотының шешіміне сүйенген БАҚ компаниялар 2023 жылдың 4 сәуірінде біріккен деп жазды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





