Huawei P20 Lite смартфонын таныстырды

20:04, 16 наурыз 2018

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Huawei  компаниясы ресми түрде P20 Lite смартфонын таныстырды. Бұл туралы techlabs.by сайты хабарлады.

Жаңа құрылғы дисплейі  5,84 дюм,  2280 x 1080 пиксел рұқсат етілген. Ал қорғанысқа 2.5D әйнек жауапты. Құрылғының негізі сегіз ядролы Kirin 659 процессоры болып есептеледі. Соның арқасында 4 ГБ оперативті және 64 ГБ флеш-жад орнатылған.

Негізгі камера 16 және 2 мегапиксельдік датчик кескіндерден тұрады. Ал селфи үшін 16 мегапикселді алдыңғы камерада арнайы Face Unlock функциясы орнатылған.

Ал операциялық жүйе – Android 8.0 Oreo.

Huawei P20 Lite наурыз айының соңына дейін сатылымға шығады. Бағасы шамамен 468 доллар.

Айта кетейік, Huawei ресми таныстырылымы негізі 27 наурызға жоспарланған болатын.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!