Германияға жеткізілетін мұнай көлемін арттыруға мүмкіндігіміз бар- Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Германияға жеткізетін мұнай көлемін ұлғайтуы мүмкін екенін айтты.
«Қазақстан «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай жеткізу ісін жүзеге асыра бастады. Биыл жыл басынан бері 90 мың тонна көлемінде мұнай жеткізілді. Бұл көрсеткішті 1,2 миллион тоннаға дейін жеткізуге әлеуетіміз жеткілікті және оны келешекте арттыруға мүмкіндігіміз бар», — деді Президент бүгін Шолпан-Атада өткен «Орталық Азия-Еуропалық Одақ» саммитінде.
Бұған дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Эрик Сағиев «Дружба» мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайту туралы шешім ресейлік серіктестерге байланысты болатынын айтқан еді.
Оның айтуынша, 2023 жылы компанияның ресейлік «Транснефтьтен» 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдауға квотасы бар. Қазақстандық мұнай «Дружба» арқылы Шведте қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы екінші кездесуіне қатысты.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 7 қыркүйек 2023
1,5 млрд теңге қайда? «Алтын Орда» базарында тағы шу
-
10:18, 6 қыркүйек 2023
Kaspi.kz — Қазақстандағы №1 интернет-дүкен
-
09:39, 4 қыркүйек 2023
ҚМДБ қолдауымен Шымкентте студенттер үйі ашылды
-
12:03, 27 тамыз 2023
Байден Орталық Азия басшыларымен не үшін кездеседі?
-
11:21, 25 тамыз 2023
«Дикий Арман» ісі: жәбірленушілер өз өмірі мен отбасыларының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді