Футбол аңызы Пеле қайтыс болды

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz –Қатерлі ісікке шалдыққан аты аңызға айналған футболшы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бразилиялық аяқдопшы тарихта үш әлем чемпионатында жеңіске жеткен жалғыз ойыншы және Марадонамен FIFA нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы атағын бөлісті, деп хабарлайды Associated Press оның агентіне сілтеме жасап.
Пеле қараша айының соңынан бері Сан-Паулудағы ауруханада жатты. Ол COVID-19 асқындырған респираторлық инфекциямен күресті. Сондай-ақ оның денсаулығы қатерлі ісік терапиясын алуды қажет етті. 2021 жылы Бразилия құрамасының бұрынғы бомбардиріне тоқ ішектің ісігін алып тастау операциясы жасалды және содан бері жүйелі түрде емделді.
Желтоқсан айының басында бразилиялық Folha de S.Paulo газеті Пелеге химиотерапия енді көмектеспейтінін, оның паллиативтік көмекке ауыстырылғанын хабарлады. Футбол аңызының емделген емханасы мен отбасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда 22 желтоқсанда дәрігерлер Пеленің жағдайы нашарлағанын хабарлады — қатерлі ісік өршіп кетті, бұрынғы футболшы бүйрек пен жүрек қызметінің бұзылуына байланысты көп көңіл бөлуді қажет етті. Пеленің отбасы Рождество мерекесін ауруханада өткізуге тура келетінін айтқан еді.
Пеле (шын есімі Эдсон Арантес ду Насименту) – тарихта үш әлем чемпионатында жеңіске жеткен жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Ол Бразилия құрамасы сапасында 92 матч өткізіп, 77 гол соққан.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:15, 20 наурыз 2023
Қазақстан энергетикалық қиындықтан АЭС салып қана шығады
-
10:17, 19 наурыз 2023
UBS Credit Suisse-ті сатып алады
-
09:28, 19 наурыз 2023
Kaspi.kz – тің 1,2 миллион клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды
-
07:31, 12 наурыз 2023
Михаил Ломтадзе АҚШ-та өткен ірі технологиялық конференцияға қатысты
-
13:54, 5 наурыз 2023
Жас кәсіпкерлер кәсібін дамытуға 330 мың доллар алды