Facebook 2020 жылы өз криптовалютасын шығару жоспарын растады

10:47, 19 маусым 2019

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Әлемдегі ең ірі  әлеуметтік желі иесі америкалық Facebook Inc. жаңа криповалютаны шығару жоспары бар екенін хабарлады. Компания криптовалюта халықаралық деңгейге шығып, долларға бәсекелес болады деп үміттеніп отыр, — деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Libra деп аталатын криптовалюта 2020 жылы шығады. Ол «стейблкойн» катергорясына кіреді.   Facebook криптовалютаны күн сайын транзакция жасауға пайдалану үшін оның құнының айтарлықтай құбылуына жол бермеуді мақсат етіп отыр. 

Криптовалютаны шығару үшін Facebook-ке реттеушіден рұқсат алу керек болады. АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы заңнаманы бұзғаны үшін ондаған өз токенін шығарған компанияларды жауып тастаған.  

Реттеушінің мақұлдауын алу мақсатында  Facebook криптовалютаға қатысты шешімдерді қабылдайтын Libra Association ұйымын құрған. Ұйымның құрамына басқа да 27 компания кіреді, оның ішінде  Visa Inc., Uber Technologies Inc. және PayPal Holdings Inc бар.  

Криптовалютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Libra Association-ның барлық мүшесі ортақ резервке 10 млн доллар салады. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!