Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

15:24, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Баттақовты Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Баттақов Ерлан Еркінұлы Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын», — делінген хабарламада.

Ерлан Еркінұлы Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!