Елордада кәсіпкер әйелдерге арналған байқаудың қорытындысы шықты
Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – «MamaSpace» жекеменшік қоры мен «Pipl» нетворкинг-бюросы кәсіпкер әйелдерге арналған Umay Boost оқыту жобасына іріктеу қорытындысын шығарды.
Umay Boost жобасы «Шеврон» компаниясының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Сонымен қатар «Forte Bank» АҚ-мен серіктестіктің арқасында, Umay Boost тренингтері банктің бас кеңсесінде өтеді.
Байқауға барлығы 49 өтініш түсті, олардың қатарынан қазылар ақтық сайысқа бизнестің әртүрлі саласындағы 16 қатысушыны таңдады, оның ішінде: білім беру қызметтері, ІТ-шешімдер, қоғамдық тамақтану қызметтері, сүт өнімдері өндірісі, маркетинг қызметтері, тұрмыстық қызмет, іс-шараларды ұйымдастыру, кеден қызметі және тағы басқалар. Финалға шыққандар:
Мадина Бисенова, «Индиго-Тараз» балабақшасы» ЖШС
Майра Қарыбаева, «Азия Стиль» ЖШС
Назгүл Тұрсұналина, «NOMAD GPS» ЖШС
Лейла Куленова, «Білім сапа академиясы» оқу орталығы» ЖШС
Салтанат Оразбекова, «MarketPro Consult» ЖШС
Айгерім Бегайдарова, «Focus Marketing» ЖШС
Индира Крекешева, «АЗИЯ ФИЛЬТР» ЖШС
Раушан Қадырова, «GOLD STAR ASTANA DEVELOPMENT» ЖШС
Әсем Керімбаева, «Керимбаева А.» ЖК
Салтанат Валиева, «Colibri» ЖК
Гаухарлана Диканчиева, «Аязбаев» ЖК
Мөлдір Елеубекова, «Online Solutions» ЖК
Татьяна Лазарева, «Центр компетенций Org Profi» ЖШС
Айнұр Құсаинова, «CentralCatering» ЖШС
Ғалия Жетпісова, «Грэм Риэлти» ЖК
Гүлмира Исабаева, «ДайЧин» ЖШС
6 сәуірден бастап қатысушылар стратегиялық жоспарлау, бизнес-үлгілеу, қаржылық талдау және жоспарлау, маркетинг, дамыту және сату тақырыптарындағы топтық тренингтер мен коучингтік сессияларға қатыса бастады. Одан бөлек, кәсіпкерлер кәсіпорындарындағы кадрларды басқару және қазіргі бизнес-үдерістерін оңтайландыруға арналған ІТ-шешімдерді қолдану мәселелерін талқылайды.
Жобаның финалына қатысушылар 6 апта бойы өздерінің бизнесті дамыту стратегиясымен жұмыс істейді. Тәлімгерлер мен басқа Umay Boost қатысушыларының алдында осы стратегияларды таныстыру мамырдың ортасына жоспарланып отыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 29 сәуір 2026
29 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
-
15:49, 28 сәуір 2026
28 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:40, 27 сәуір 2026
Доллар бағамы 27 сәуірдегі саудада тағы 4 теңгеге төмендеді
-
11:11, 27 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
12:25, 26 сәуір 2026
26 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы





