Еліміздің агроөнеркәсіп кешені жаңа бизнес индустрияға айналды

21:29, 11 сәуір 2017

Өткен жылдан бері тіркелген шағын компаниялар саны 7 пайызға өскен. Қазақстанда өзге қай салалар дамып жатыр?

Жұрағат Баман, тілші: 

-Қаржы саласы мамандары өткен жылы жоғары көрсеткіш көрсеткен салаларды анықтады. Олар: туризм, байланыс және агроөнеркәсіп кешені. Былтыр ауыл шаруашылығымен айналысам деген шағын компаниялардың саны 14,5 пайызға өскен. Туризм аясында, тамақтандыру және баспана қызметін ұсыну 12, телекоммуникациялар саласы 10 пайызға ұлғайған.

Өткен жылы ауыл шаруашылығында жаңа 1814  компания тіркелген. Жалпы бұл салада 14 400 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Белсенді компаниялардың үлесі бүгінде 37 пайызға жетті. Бұл 100 компанияның 33-тен астамы қарқынды жұмыс істейді деген сөз. Экономистер: «Ауыл шаруашылығындағы белсенді компаниялар қазір 13 пайызға өскен», – дейді. Мұндай бизнес белсенділікті мамандар шаруашылық кооперациялардың құрылуымен байланыстырады.

Енді туризм индустриясының жетістіктерін тізбектейік. Өткен жылы туристік 503 шағын компания ашылған. Барлығы елде 5 300 ұйым жұмыс істейді. Былтыр тіркелгендердің 33,5 пайызы белсенді екен. Биыл ол көрсеткіш 16,1 пайызға өскен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің дерегінше, өткен жылы елге 6,5 миллион шетел азаматы келген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп.

Оң нәтиже көрсеткен соңғы сала – балайныс және телекоммуникациялар. Аталмыш салада ел төңірегінде 9400 кішігірім ұйым жұмыс істейді. Бір жылда тізімге 827 жаңа шағын компания қосылды. Олар ауыл-аймақ, алыс-шалғай елді мекендерде де қызмет ұсынады. Бұл тізімге ұялы байланыс, интернет жүйелері кіреді. Ал белсенді жұмыс істеп жатқан компаниялар 3 мыңға жетті. Мамандар игі көрсеткіштерді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырыла бастауымен байланыстырып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!