Елімізде көкеніс қымбаттап кетті

11:07, 9 сәуір 2019

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 4,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі – 6,3%, мал шаруашылығы өнімі – 1,2%-ға қымбаттады.  Бұл туралы  ҚР ҰЭМ Статистика  комитеті хабарлады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда баға қарақұмыққа 3,3%-ға төмендеді, ал бидайға 10,8%, арпаға – 4,5%, сұлы және күрішке – 0,7%-дан, қара бидайға – 0,5%, жүгеріге – 0,2%-ға өсті.

Картоп 3%, асханалық сәбіз – 1,4%-ға арзандады, ал қияр 22,6%, қызанақ – 8,8%, асханалық қызылша – 6,2%, басты пияз – 2,8%, қырыққабат – 3,2%-ға қымбаттады. Баға күнбағыс тұқымына 12,6%, кептірілген бұршаққа – 2,5%, кептірілген жасымыққа – 1,1%-ға өсті.

Баға жылқы етіне 2,6%, ірі қара мал етіне – 1,5%, қой етіне – 1,3%, құс етіне – 0,9%, шошқа етіне – 0,8%-ға өсті. Шикі сүт 2,3%, қойдың жүні – 0,5%, бал – 0,1%-ға қымбаттады, ал тауық жұмыртқасы 1,5%-ға арзандады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!