Елімізде ауыл шаруашылығы өніміне баға өсті

08:53, 12 сәуір 2017

Ағымдағы жылғы наурызда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 1,7%, мал шаруашылығы өнімі 0,5% пайызға қымбаттады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда баға қара бидайға 4,5%, жүгеріге – 2,9%, күрішке – 1,2%, арпаға – 0,8%, бидайға – 0,6%, сұлыға – 0,3%-ға өсті. Ал қарақұмыққа 2,4 пайызға төмендеді.

Картоп – 7,2%, басты пияз – 4,5%, асханалық сәбіз – 3,5%, қырыққабат – 1,3%, асханалық қызылша  0,7 пайызға қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа – 10,3%, соя бұршаққа – 6,2%, күнбағыс тұқымына 2,9 пайызға өсті.

Баға қой етіне – 2,7%, ірі қара мал етіне – 2,4%, шошқа етіне – 2,1%, жылқы етіне 1,4%-ға өсті. Ал құс етіне 0,5 пайызға төмендеді. Шикі сүт – 3,9%, қойдың жүні 0,6 пайызға қымбаттады. Ал жұмыртқа 8,8 пайызға арзандады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!