Әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай өсіп келеді

09:45, 21 қыркүйек 2017

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz — Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдегі бағасы айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фючерсінің жеткізілімдері 1,15 долларға өсіп, барреліне 56,29  долларды құрады.

WTI маркалы жеңіл мұнайдың Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) қазан айындағы фьючерстері 0,93 долларға  көтеріліп, барреліне 50,41 доллардан белгіленді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!