Ел бюджеті бизнес үшін салықтық рақымшылықтан 200 млрд теңге жоғалтады

13:08, 10 қыркүйек 2019

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Бюджет бизнеске салықтық амнистия енгізуден 200 миллиардтан астам теңге жоғалтады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Жалпы, өткен жылы шағын бизнестен бюджетке 190 млрд теңге көлемінде табыс салығы төленді. Егер 2020 жылға қарай компаниялар мен жеке кәсіпкерлерді салықтан босататын болсақ, бюджет шығыны 200 млрд теңгеден асады. Бірақ біз бұл шығындарды салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы толтыруды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Оның айтуынша, қазір Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Қаржы министрлігі қажетті критерийлерді әзірлеу бойынша жұмыс істеуде.

«Президент өз Жолдауында біз мұндай жеңілдіктерді микро және шағын бизнес субъектілері үшін беретінімізді айтты. Салықтар бойынша босатудан біз акцизделетін өнімдермен жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпорындарды, жер қойнауын пайдаланушы компанияларды, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектор компанияларын, сондай-ақ ойын бизнесін алып тастауды ұсынамыз», — деді ол.

Ол салық жеңілдіктерін алу үшін қандай параметрлерге сәйкес болу керектігін нақтылады.

«Мемлекет басшысы Жолдауында микро және шағын бизнес субъектілерінің барлық кәсіпорындарын табыс салығынан босату туралы тапсырма берген болатын. Микро бизнес дегеніміз салық заңнамасына сәйкес 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 АЕК-ті құрайтын немесе жылына шамамен 76 млн теңге болатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар», — деді ол.

Ал оның айтуынша, шағын бизнеске 100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 АЕК-ке дейінгі ұйымдар кіреді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!