ЕАЭО елдері микрочип шығара бастауы мүмкін

14:39, 13 желтоқсан 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО кеңістігінде бірлесіп, машина жасау саласына қажетті компьютерлік бөлшектер шығаруды ұсынды.

Президент бүгінде әлемдік машина жасау нарығында микрочиптер мен компьютерлік элементтердің жетіспеушілігінен жиі тоқтап қалып отырғанын айтты. Бұдан ЕАЭО елдерінің машина жасау салалары да шет қалмады.

«Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнімдер мен электрондық қызметтерге бұрын-соңды болмаған сұраныстың куәсі болып отырмыз, — деді Мемлекет басшысы — Бұл ретте эксклюзивті инновациялық технологиялық шешімдер үшін ғана емес, қарапайым цифрлық шығын материалдары үшін де күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен машина жасау өнеркәсібі үшін микрочиптер мен компьютер элементтерін өндіру бойынша бірлескен ынтымақтастық жобаларын іске асыру мәселесін пысықтауды  ұсынамын. Өз кәсіпорындарымыздың қажеттіліктерін толық қанағаттандырып және болашақта экспорттауға мүмкіндік беретін өндірістік базаны құру қажет».

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!