Доллардың бағамы тағы өсті
© Фото: pixabay
6 қараша 2025 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
15:30-дегі күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 526,79 теңгені құрап, 1,71 теңгеге өскен.
Ресей рублі 6,48 теңгеге дейін төмендеді (-0,02), ал қытай юані керісінше 73,98 теңгеге дейін көтерілді (+0,37).
Валюта айырбастау пунктерінде доллар 526,7–528,7 теңге, еуро 605,1–610,6 теңге, рубль 6,41–6,53 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.
Сонымен қатар 6 қарашадағы әлемдік мұнай нарығында баға ауытқуы байқалады:
Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері барреліне 63,78 доллар болып, 0,41% өсті;
WTI мұнайының желтоқсан фьючерстері 59,87 доллар болып, 0,45% көтерілді.
Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды келесідей белгіледі:
- доллар – 524,94 теңге,
- еуро – 602,79 теңге,
- рубль – 6,45 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:50, 3 маусым 2026
3 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
16:16, 2 маусым 2026
2 маусымдағы саудада доллар бағамы 490 теңгеден асты
-
11:46, 2 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 2 маусым
-
15:55, 1 маусым 2026
1 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар қымбаттауын жалғастырды
-
11:40, 1 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы 1 маусымдағы валюта бағамдары





