Доллар 386 теңгеге бағаланды

18:00, 21 қараша 2019

Алматы.  21 қараша. 7kun.kz — Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы сағат 17:00-де 386,39 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, сауда-саттықтың ең төменгі бағамы АҚШ доллары үшін 385,66 теңге, ең жоғарғы — 386,95 теңге, жабылу бағамы — 385,80 теңге деңгейінде қалыптасты. Америкалық валюта бойынша сауда көлемі 213 млн 962 мың долларды құрады. Валюта операциялары бойынша мәмілелер саны — 445.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 388 теңге, Алматыда — 388,5 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 387,37 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!