«Дикий Арман» ісі: жәбірленушілер өз өмірі мен отбасыларының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Алматыда Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) ісіне қатысты тыңдау жалғасуда.
Бүгін бірқатар жәбірленушілерден, кейбір айыпталушылардан және олардың адвокаттарынан, сондай-ақ куәгерлерден жабық режимде сот отырыстарын өткізу туралы өтініштер келіп түсті. Олар сотталушылар тарапынан өз өмірлері мен отбасыларының қауіпсіздігіне нақты қауіп төнетінін мәлімдеді.
Айыпталушылар арасында ҚР ҚК 362 (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 262 (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 272 (жаппай тәртіпсіздік), 191 (тонау), 126 ( бас бостандығынан заңсыз айыру), 268 (бандитизм) баптары бойынша 45 адам бар.
Бұған дейін ІІМ-де Арман Жұмагелдиевтің 2021 жылы желтоқсан айында шетелден келгені және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болғандығы туралы хабарланған болатын. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен 2022 жылы 7 қаңтарда арнайы операция кезінде ұсталды. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркалы қару-жарақ, сондай-ақ оларға оқ-дәрілер, суық қару-жарақ және брондалған көлік тәркіленді.
Бас прокуратура Жұмагелдиевтің қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 7 қыркүйек 2023
1,5 млрд теңге қайда? «Алтын Орда» базарында тағы шу
-
10:18, 6 қыркүйек 2023
Kaspi.kz — Қазақстандағы №1 интернет-дүкен
-
09:39, 4 қыркүйек 2023
ҚМДБ қолдауымен Шымкентте студенттер үйі ашылды
-
12:03, 27 тамыз 2023
Байден Орталық Азия басшыларымен не үшін кездеседі?
-
11:15, 25 тамыз 2023
Алматыда Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт тобының қатысуымен танымал әндер фестивалі өтеді