Депутаттар өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің проблемасын көтерді
З. Кузиев, Г. Шиповских, А. Сатвалдиев, Н. Ниязова, Е. Больгерт бастаған бір топ депутат Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауалхат жолдап, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінің мәселесін көтерді.
Депутаттардың айтуынша елімізде 3,5 млн жуық білім алушысы бар 6900-ден астам мектепбар. Оның ішінде 208 мектепте 100 000 мыңға жуық оқушы өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқиды. Алайда біраз жылдан бері аталған мектептер оқулықтарды кешігіп, оқу жылының 2-ші тоқсанның басында, кейде тіпті соңында алады екен.
Мысалы: 2019-2020 оқу жылында 10-сыныптарға арналған оқулықтар қараша-желтоқсан айларында, 2020-2021 оқу жылында 11-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2022-2023 оқу жылында 2-сыныптарға арналған оқулықтар қазан айының басында алынған. Бұған себеп — Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығының кеш шығуына және оның әділет органдарында тіркелуіне байланысты.
Депутаттар «бұл ата-аналар мен оқушылардың наразылығын тудырып отыр деген депутаттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді шығару мерзімдерін оңтайландыру және қайта қарау керек», дейді. Сондай-ақ, оқулықтар мен ОӘК дайындау бойынша тиісті мамандарды оқыту үшін гранттар бөлуді сұрап отыр. Өйткені министрлік оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындауға қажетті кадрлар аз деп отыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





