Дариға Назарбаева медальмен марапатталды
Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваны «Ел қорғаны» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қорғаныс министрлігінің басшысы Дариға Назарбаеваға елдің қорғаныс қабілетіне қолдау білдіріп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді үлес қосқаны үшін алғыс айтты.
«Жоғары сенім білдіргендеріңіз үшін рахмет. Шын жүрегіммен жас жауынгерлерімізді қолдаймын. Әскери-патриоттық қозғалыстың еліміз үшін аса маңызды деп есептеймін. Себебі рухани тәрбие мен Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру арқылы жас балалардың тұтас буыны өсіп келеді. Олар өмірдің түрлі салаларында өз орындарын табады. Біреуі кәсіби әскери, біреуі — генерал, енді бірі — жоғары бас қолбасшы болатын шығар. Неге болмасқа? Бұл жол бәріне ашық», — деді депутат әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіруге арналған ведомствоаралық кездесуде.
Д.Назарбаева дәл қазіргі уақытта жастарда Отанға деген сүйіспеншілік туралы негізгі түсініктің қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Кездесуге келген оқушыларға депутат мықты әрі шымыр болуды тіледі және қай жерде жүрсе де, елге қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
Еске сала кетсек, Қорғаныс министрлігінің үздік әскери қызметшілеріне берілетін «Ел қорғаны» ведомстволық медалі биылғы наурыз айында тағайындалған.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл