Бұл өз міндетін орындай алмағаны үшін отставкаға кеткен бірінші Үкімет – Сарапшы

20:11, 21 ақпан 2019

Астана. 21 ақпан. 7kun.kz – Президенттің Үкіметті Премьер-министрдің өтінішімен емес, жұмысын орындай алмағаны үшін отставкаға жіберуі тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тұңғыш жағдай. Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев телеграм арнасында жазды.

“Болашақ Үкіметтің алдындағы міндеттер мен «Нұр Отан» партиясының алдағы съездін ескерсек отставка мен жаңа премьер-министр, үкімет мүшелерін тағайындау 27-ші ақпанға дейін созылуы мүмкін”, деп болжайды сарапшы.

Сарапшының жазуынша Үкіметтің отставкаға кететіні бұған дейін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің сөзінен-ақ белгілі болған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!