Бүгін Президентті ұлықтау рәсімі өтеді

10:00, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдау салтанаты өтеді.      

ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады. 

Ұлықтау рәсімі барысында Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Сонымен қатар, Президент рәсім барысында Қазақстан халқына ант береді. Ал ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!