Бүгін Нұр-Сұлтанда PechaKucha Night Astana өтеді

10:39, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Бүгін сағат 20:20-да Қазмедиа орталығының алаңында PechaKucha Night Astana бейресми зияткерлік конференциясы өтеді.

Конференция «зияткерлік караоке» деп аталады. Шара барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары өз идеяларын ұсынады.

Спикерлерге жобаны таныстыру үшін 6 минут 40 секунд уақыт беріледі. Себебі, уақыт 20 слайдтан тұратын арнайы презентация форматымен шектеледі.

Айта кетейік, PechaKucha 4 жыл бойы әр айдың 20-сы сағат 20:20-да өтеді. Кіру тегін.

PechaKucha Night Astana туралы қосымша ақпаратты мына сілтемелерден таба аласыз: instagram.com/pknastana, facebook.com/PechaKuchaAstana.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!