Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоры қандай бағытта көмек көрсететінін айтты

12:33, 16 қыркүйек 2022

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының I қорытынды конференциясында Қор төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық қандай бағыттарға көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жаңартылған қызметінің тұжырымдамасы мен проспектісі туралы баяндаған Қор төрағасының айтуынша өткен екі ай ішінде барлық мүдделі тараптардан ұсыныстар жинау бойынша үлкен жұмыс атқарылған.

«Барлық ұсыныс Қордың проспектісіне енгізілген. Бірде-бір ұсынысты жіберіп алмау үшін оны бөлек құжатта ерекше атап өттік. Қор қызметінің тұжырымдамасы стратегиялық құжат болып қала береді. Біз Қордың миссиясын, көзқарасын, принциптері мен құндылықтарын жаңарттық. Тұжырымдаманың инновациясын Қор қызметінің бағыттары деп санауға болады, біз алты нақты бағытты анықтай алдық», — деді Болат Жәмішев

Оның айтуынша бүкіл ел бойынша тиісті функционалдық жабдықтармен және инвентарлармен логистикалық жабдықта көмек көрсету қарастырылған.

«Бұл қолданыстағы шешімдерге қарағанда тиімдірек, тұрақты немесе әділетті әлеуметтік мәселелердің жаңа шешімдерін қолдау.Ерекше жағдайларда жеке азаматтарға атаулы көмек көрету бар. Оған медициналық емес себептер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында шетелде емделуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және емделуге мемлекет ұсынбаған дәрілік заттарды сатып алу бойынша Қордың қолданыстағы бағдарламалары кіреді. Бұл жерде біз ерекше жағдайларда жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсету мүмкіндігін қалдырамыз. Төтенше жағдайларда жан-жақты көмек көрсету кіреді», — деді Қор төрағасы. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!