«Bolashaq» қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

16:45, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – «Bolashaq» Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлына өз құттықтауларын білдірді.

Қауымдастық мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған басқа жастар үшін үлгі болуға тырысатынын жазады.

«Өткен сайлауда жасампаз тұғырнама аясында жастар буынының ерекше азаматшылдық пен жоғарғы отансүйгіштікті көрсеткені — біз үшін өте маңызды. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев анықтаған бағытының сабақтастығын және әрі қарай қарышты дамуын нық сеніммен таңдады. 

Елбасымыздың саясатын жалғастыра отырып, әрқайсысымыз жастардың дамуының прогрессивті векторын, өз еліне бәсекеге қабілетті және пайдалы болу мүмкіндігін байланыстырады» делінген құттықтауда.

«Болашақ» түлектері жаңа даму кезеңінде Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламасын жүзеге асыру барысында белсенді жолбасшы болуға дайын екенін жеткізеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!