Биыл экономикалық өсім 2,7 пайыз болады

17:42, 17 ақпан 2017

Келер жылы мұнай бағасы 60 долларға дейін көтеріледі. Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдігінің бас экономисі Ілияс Сәрсенов осындай болжамымен бөлісті.

Ал Ішкі жалпы өнім 2,7 пайызды еңсереді деген жоспар бар. Бұған экспорт үлесінің артуы сеп болмақ. Үкімет 2020 жылға дейін сырт нарыққа сатылатын тауар ауқымын 19 пайызға өсіруді мақсат қылып отыр. Бұл үшін ұзақмерзімді жоспар әзірленіп, жаңа нарықтарды бағындыру көзделуде.  

Мейіржан Майкенов, Kaznex Invest АҚ Экспорт бойынша басқарма төрағасының орынбасары:

-Біз үшін жаңа нарықтар – Қытай, Иран, Ауғанстан елдері. 1 қыркүйекке дейін ұлттық экспорттық стратегияны дайындаймыз. Соған сәйкес, шетелге жөнелтілетін тауардың 3-5 жылдық жоспары жасалады. Еліміздегі отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы экспорттық әлеуетті дамытуға серпін береді деген сенімдеміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!