Бір жылда теміржол жүк тасымалы 14 пайызға артты

15:06, 16 ақпан 2018

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылдың қорытындысы бойынша, теміржол арқылы жүктерді тасымалдау 14 пайызға, 378,8 млн тоннаға дейін өсті. Ал, бұған дейін қозғалыс көлемінің төмендеуі байқалған болатын. Мәселен, 2015 жылға қарай көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, 2016 жылы төмендеу үрдісі баяулағанымен, теріс үрдіс сақталды (жылына минус 0,7), деп хабарлады finprom.kz.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында жүк айналымы бұрынғыдан екі есе төмендегеннен кейін айтарлықтай өсім көрсетті (бірте-бірте плюс 10,6 пайыздан 262,1 млрд тонна-километрге дейін).

Әсіресе, астық пен ұнды жөнелту айтарлықтай өсті. 2017 жылы ҚТЖ мәліметтері бойынша, 8,9 млн тонна астық (ішкі байланыс бойынша 3,1 млн тонна, экспортқа 5,8 млн тонна), 3,2 млн тонна ұн (республика ішіндегі байланыста – 0,8 млн. тонна, экспортқа – 2,4 млн. тонна) жиналды.

Астық бойынша 2017 жылы астық пен азық-түлік тауарларының жүктемесі 13,5 млн тоннаны құрады. Бұл 2016 жылғы деңгейден 6,3 пайызға жоғары. 2017 жылы астық эквивалентінің өсімі 805 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 547 мың тонна шығарылды.

Жолаушылар тасымалы сегменті де өсімді көрсетті. Бірақ өсім айтарлықтай үлкен емес. Осылайша, теміржол жолаушылар тасымалы жылына тек 0,5 пайызға артып, 22,4 млн жолаушыны тасымалдады. Жолаушылар айналымы 3,7 пайызға, 18 млрд жолаушы-километрге дейін өсті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!