Бір үйдің екі баласы бірдей чемпион болды

10:30, 17 қараша 2022

Алматы. 17 қараша. 7kun.kz — 17Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем біріншілігінде 8 жасар Берік Арслан мен 6 жасар Берік Арсен чемпион атанды. Дүбірлі додаға әлемнің жүздеген елінен жас спортшылар қатысқан. Солардың арасынан топ жарып, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Арслан мен Арсен спортпен кішкентай кезінен шұғылданған. Олардың спортқа деген құлшынысы мектеп табалдырығын аттамай тұрып басталыпты.

«Арслан да, Арсен де 4 жасынан спортқа қадам басты. Арслан үлкен ұлым, Арсен інімнің баласы. Екеуі де спорт десе ішкен асын жерге қояды», — дейді Арсланның әкесі Алмас Өтебаев.

Бразилиялық джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатыда Арслан Берік 24 келіде жеңімпаз атанды. Ол финалда пәкістандық қарсыласынан айласын асырған. Ал Арсен Берік 20 келіде сынға түсіп, ақтық сында кувейттік спортшыдан басым түсті. Айта кетелік, Абу-Дабидегі дүбірлі сынға әлемнің 120 мемлекетінен 5 мыңға жуық спортшылар қатысқан. Жас спортшылардың салмағында АҚШ, Канада, Франция, Ирландия, Ұлыбритания, Кувейт, Сауд Арабиясы елдерінің өкілдері бақ сынаған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!