Билік банктерді қадағалауды күшейтеді

11:11, 28 қаңтар 2020

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда 2020 жылдан бастап жүйелі түрде толық ауқымды негізде банк және сақтандыру секторларында тәуекелге бағдарланған қадағалау (ТБҚ) енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова хабарлады.

«ТБҚ Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес аясында Агенттік пен Ұлттық Банктің бірлесіп жүргізетін макропруденциялық реттеу шараларымен күшейтіледі», — деп нақтылады ол.

Әбілқасымованың айтуынша, агенттік жұмысының бағыттарының бірі — қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде банк жүйесін қалыпқа келтіру.

«Банк жүйесін қалыпқа келтіру банктердің экономиканы кредиттеуін ұлғайтуға ықпал етеді», — деп жалғастырды М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, ол осы жылдың ақпанында 2019  жылы басталған банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталатынын атап өтті.

«Банк секторын қалыпқа келтіру бюджет қаражатын пайдаланбай нарықтық жағдайларда провизиялар мен капиталдың барабар қорын құру арқылы жалғасады», — деді агенттік төрағасы.

 Оның айтуынша, тиісті тәсілдер осы жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін әзірленеді. 

Бұдан басқа, шағын және орта бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейту үшін, оның ішінде экономиканың басым салаларын кредиттеу бағдарламасы шеңберінде шаралар ұсынылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!