Баспананы сату кезінде үстінен түскен ақшаға 10% салық салынады

20:42, 19 қаңтар 2017

Алдағы 5 жылда әлемдегі банк жүйесі тұтастай сандық валютаға көшуі мүмкін. Бұл да жоғары да аталған Давос форумында айтылған пікірдің бірі. Виртуалды ақша айналымға енсе не өзгереді? Әріптесіміз Зайнұр Байжігіт айтып береді. Кезек «Экономика» айдарында. 

Зайнұр Байжігіт, тілші 

-Бұл пікірді Гарвард университетінің профессоры Кеннет Рогофф білдірді. Сандық валютаға көшу бастамасы бұған дейін көп айтылып келді. Тіпті «Дойче банк» алғашқылардың бірі болып оны іс жүзінде қолданысқа енгізді.

Германиялық банктің Орталық банкта жатқан резервтегі ақшасы электронды түрде сақталған. Кеннет Рогофф: «Виртуальды валюта заңсыз ақша айналымы мен салық төлеуден жалтару сияқты мәселелерді шешуге сеп болады», – дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Ақышев Ұлттық банк осы бағытта жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеген еді. 

Биыл әлемдік нарықта алтын бағасы көтерілуі мүмкін. Жылдың соңында бағалы металдың құны бір унциясына 1 мың 300 доллардан асуы ықтимал. Бұл әйгілі даниялық Saxo banк-тің жасаған жорамалы. 

Инвестициялық онлайн-банк сарапшылары: «Қазір инвесторлар АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын емес, алтын сатып алғанды құп көреді. Сонымен қатар Қытай мен Үндістанның есебінен сұраныстың үлесі артып, құнына оң әсер етеді», – деп топшылап отыр. 

Ал алтынның бағасына қатысты отандық сарапшылардың болжамы қандай? Тыңдап көрсек. 

Сапарбай Жобаев, экономист

-Қытайдың үлкен инвесторлары өз ақшасынан кетіп, оны алтынға айырбастауға үлкен түрткі болмайды. Ал Индияның негізгі алтын валюта резерві қалыптасқан. Сондықтан қосымша сұраныс бола қоймайды. Менің пікірім, алтынның бағасы 1150-1200 доллардың арасында. Айтарлықтай өзгеріс болмайды деп ойлаймын.

Бірақ әзірге алтын бағасы құбылып тұр. Бүгін 1 пайызға арзандады. Бұған  Федеральдық резерв жүйесінің монетарлық саясатты күшейту жөніндегі мәлімдемесі түрткі болған.  

Соңғы саудада бағалы металдың бір унциясы  1200 доллардың төңірегінде бағаланды. 

Айта кетейін, еліміз қордағы алтын мөлшерін ұлғайтып келеді. Өткен жылдың соңында шамамен 255 тоннаға жеткен еді.  

Енді меншігіндегі баспанасын сатқан қазақстандықтар 10 пайыз салық төлейтін болады. Бірақ барлық сомаға емес. Үстінен түскен ақшаға ғана. 

Яғни пәтерді  10 млн теңгеге алып, кейін 12 млн-ға сатсаңыз, 2 млн теңгесіне қазынаға 10 пайыз салық төленуі тиіс. Алайда пәтерді өз атына тіркегеніне 1 жылдан асса, жеке тұлғаға салық салынбайды. 

Азамат Сүлейменов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы

-Қолданыстағы Салық Кодексіне сәйкес құн өсімімен түсетін табыс болып, мүлікті өткізу және мүлікті сатып алу арасындағы айырма болып табылады. Егер мұндай табыс 1 жыл ішінде пайда болса, 10 пайыз мөлшерінде салық салынады.

Зайнұр Байжігіт, тілші 

-Сөзімнің соңында айта кетейін, егістік жерді игермей, бос жатқаны үшін алматылықтар енді 10 есе артық салық төлейтін болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!